jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды

    Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина
    Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина. Фото : instagram.com/committee_sport

    Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт комитетінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

    Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

    Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

    Ясмин Тұяқова менАрина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.