Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем рекордының иегері Келвин Киптум жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Келвин Киптум
Келвин Киптум әлем рекордын жаңартқан Чикаго марафонында. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Кениялық марафоншы әрі рекордшы Келвин Киптум 24 жасында жол апатынан қаза болды. Киптум көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылған. Онымен бірге қасында отырған жаттықтырушысы да қаза тапты, деп хабарлайды кениялық The Standard Digital басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметі бойынша, Киптумның Toyota Premio көлігінде өзінен басқа тағы екі жолаушы болған. Эльгейо-Мараквет полициясының офицері Питер Мулингенің айтуынша, жол апаты жексенбіде, 11 ақпанда сағат 23.00-де болған. Көлікті Киптум жүргізіп келе жатқан, ал үшінші жолаушы Шэрон Косги есімді әйел ауруханаға жеткізілді. Спортшымен бірге оның руандалық жаттықтырушысы Гарвайс Хакизимана қаза болды.

Полиция офицері Киптум көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып, үлкен ағашқа соғылғанын айтқан. Көлік ағаштан 60 м қашықтағы сайға құлаған.

Кенияның спорт министрі Абабу Намвамба X (Twitter) желісінде ел "ерекше қазынасынан" айырылғанын мәлімдеді.

2023 жылғы қазанда Киптум Чикаго марафонында 2 сағат 35 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Осылайша 23 жастағы спортшы жерлесі Элиуд Кипчогенің (2 сағат 1 минут 9 секунд) әлем рекордын жаңартты. Ал бұған дейін ол Лондон марафоны мен Валенсия марафонында жеңіске жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060398-alem-rekordynyn-iegeri-kelvin-kiptum-zol-apatynan-qaza-tapty/

pixel