Германияда "Реал Мадрид" футболшылары мінген автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bild порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Испаниялық "Реал Мадрид" клубы Чемпиондар лигасы аясында "Лейпциг" командасына қарсы ойын өткізу үшін Германияға аттанған еді. Бірақ Лейпциг әуежайындағы жұмысшылар ереуіліне байланысты футболшылар және жаттықтырушылар мінген ұшақ Эрфурт қаласына қонды. Сөйтіп "Реал Мадрид" клубының мүшелері Лейпциг қаласына автобуспен жетуге мәжбүр болды.
Кейін Айхельборн мен Нора елді мекендерінің арасындағы А4 автомагистралінде жеңіл автокөлік пен мадридтік клубтың автобусы соқтығысқан. Автокөлікке 3000 еуро көлемінде зақым келген. Ал "Реал Мадрид" автобусының қай жері зақымданғаны белгісіз. Аз уақыттан кейін жол-көлік оқиғасының қатысушылары қозғалысты жалғастыра берген.
Айта кетейік, "Реал Мадрид" пен "Лейпциг" арасындағы матч бүгін, 13 ақпанда өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 02:00-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060681-real-madrid-futbolsylary-mingen-avtobus-zol-apatyna-usyrady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.