Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арқан тартыс Олимпиада ойындарының бағдарламасында болғанын білесіз бе

Жарияланған күні:

Арқан тартыс
Арқан тартыс. Фото: instagram.com/arqan_tartys

Арқан тартыс спорты өткен ғасырда Олимпиада ойындарының бағдарламасында болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан арқан тартыс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

1900-1920 жылдары Олимпиада ойындарында арқан тартыстан cайыстар өткен. Бұл спорт Олимпиада бағдарламасына әуелі жеңіл атлетиканың бір бөлшегі ретінде кірсе, 1912 жылдан бастап жеке спорт түрінде саналған. Арқан тартыстан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Швеция мен Данияның аралас құрамасы.

"1904 жылы АҚШ-тың Милуоки клубы жеңсе, 1908 жылы Лондон полициясының командасы, 1912 жылы Стокгольм полициясының командасы чемпион болды. Ал арқан тартыстан соңғы Олимпиада чемпиондары Ұлыбританияның ұлттық командаcы", – делінген арқан тартыс федерациясының жазбасында.

Айта кетейік, арқан тартыс биыл Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының негізгі бағдарламасына енген. Қазіргі таңда Қазақстанның әр аймағында бұл спорт түрінен көшпенділер ойынына қатысатын ерлер мен әйелдерді іріктеу жарыстары өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060768-arqan-tartys-olimpiada-oiyndarynyn-bagdarlamasynda-bolganyn-bildiniz-be/