Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Грозныйдың тумасымын": Магомед Адиев Қазақстан азаматтығын алу жайлы пікірін айтты

Опубликовано:

Бапкер Магомед Адиев
Бапкер Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев әзірге Қазақстан азаматтығын қабылдауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстыру мәселесі жайлы әлі ойланбағанын айтты.

"Бұл сұрақ белгілі бір деңгейде қарастырылып жатыр деп айтпас едім, өйткені бүгінгі күні азаматтықты талқылау өзекті дүние емес деп санаймыз. Себебі бізге алдағы ойындарға дайындалу керек. Менің азаматтығым туралы мәселе мені де, Қазақстан футбол федерациясын да алаңдатпайды. Соңғы рет ұзақ уақыт бұрын талқыланған болатын", – деді Адиев.

Бірақ азаматтық алу жоспарыңызда бар ма?

"Жоқ, неге? Мен бұл туралы ойланбаймын да. Мен өз елімнің азаматымын, Грозныйдың тумасымын. Мен сол жерде тудым және қалған ғұмырымды Грозныйда өткізетін шығармын", – деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, 46 жастағы маман Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуірінде басқарған болатын. Ұлттық құрама Магомед Адиевпен бірге Ұлттар лигасының "С" тобын жеңіп, В дивизионына өтті. Сондай-ақ қазақстандық ойыншылар 18 ұпай жинап, ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060900-magomed-adiev-qazaqstan-azamattygyn-alu-zaily-pikirin-aitty/

pixel