Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі футболшы Роналдиньо Елена Рыбакинаның матчын тамашалады (видео)

Опубликовано:

Роналдиньо
Роналдиньо. Фото: skysports.com

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо Қатарда өтіп жатқан WTA турнирінің арнайы қонағы болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 15 ақпанда Қатардың Доха қаласында теннистен WTA турнирі өтті. Аталмыш жарыста қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да бақ сынады. Отандасымыз ширек финалда канадалық теннисші Фернандесті 0:2 (4:6, 2:6) есебімен жеңіп, жартылай кезеңге жолдама алды.

Тартысты ойынды тамашалауға "Барселона" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо да келді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Павлюченковаға қарсы матч өткізеді. Ал екінші екінші жұп әзірге белгісіз. Десе де, әлемнің 1-ракеткасы Швентек те осы жарысқа қатысып жатыр. Ол 1/4 финалда Азаренкомен күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061248-aigili-futbolsy-ronaldinyo-elena-rybakinanyn-matcyn-tamasalady/

pixel