Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолынан келеді": Сәпиев Головкиннің ҰОК президенттігіне ұсынылуы туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

Серік Сәпиев
Серік Сәпиев. Скриншот: youtube.com/@newsroom99

Бокстан Олимпиада чемпионы Cерік Сәпиев отандасы Геннадий Головкиннің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылуы туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Newsroom99 Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

14 ақпанда "Спорт Шредингера" телеграм арнасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне ұсынылғаны жазылған еді. Бұған Олимпиада чемпионы Cерік Сәпиев пікір білдірді.

"Президент сайлау арқылы анықталады. Егер Геннадийді сайласа және әріптестері оны қолдаса, бұл жұмыс қолынан келеді деп ойлаймын. Бұл жерде тек қолдау керек", – деді Серік Сәпиев.

"Спорт Шредингера" телеграм арнасының жазуынша, Серік Сәпиев Ұлттық Олимпиада комитетінің паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президенті қызметіне ұсынылған. Ол бұрын ҚР спорт министрлігі жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетін басқарған еді.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиаданың чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061309-qolynan-keledi-sapiev-golovkinnin-uok-prezidenttigine-usynyluy-turaly-pikirin-aitty/