Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қазір қайда

Опубликовано:

Әділбек Ниязымбетов
Әділбек Ниязымбетов. Фото: instagram.com/niyazymbetovadilbek

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов қазір немен айналысып жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңнан кетсе де, спорт әлемінен кетпегенін айтты.

"Қазіргі таңда мен Ақтау қаласындағы облыстық олимпиадалық даярлау орталығында бокс мектебінің директорымын. Өзім айналысқан спорт түрінен жастарға тәлім-тәрбие беріп, тәжірибеммен бөлісіп жүрмін", – деді боксшы.

Ол сондай-ақ биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында бокстан ұлттық құрамаға сенім артатынын жеткізді.

"Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасында кіл мықты боксшылар жиналған. Олардың арасынан мен ешкімді бөле-жарғым келмейді. Барлығының да жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар. Мен тек, барлығына сәттілік тілеймін. Бізде қазір Қамшыбек Қоңқабаевтан басқасы әлі жолдама алып үлгерген жоқ. Алда екі іріктеу турнирі тұр. Мен сол жарыстардан ұлттық құрма Парижге толық құрамда жолдаманы жеңіп алады деп сенемін", – деді Әділбек Ниязымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061336-olimpiada-oiyndarynyn-eki-durkin-zuldegeri-adilbek-niyazymbetov-qazir-qaida/

pixel