Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды (видео)

Опубликовано:

Руслан Валиуллин
Руслан Валиуллин. Фото: instagram/fctobol

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының қорғаушысы Руслан Валиуллин Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобыл" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

9 ақпанда "Ақтөбе" футбол клубы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңдерін оқу челленджін бастап, басқа командаларға жолдаған еді. Челленджді "Тобыл" футбол клубы қабыл алып, команда ойыншысы Руслан Валиуллин Мұқағали Мақатаевтың "Әке" өлеңін оқыды. Сондай-ақ ол челленджді "Ордабасы" клубының қорғаушысы Темірлан Ерланов пен журналист Ербол Қаировқа жолдады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин қаңтар айында "Тобыл" футбол клубымен келісімшартты ұзартқан еді. Ол 2019 жылдың 9 наурызында Премьер лигада қостанайлық команда сапында дебют жасады. Руслан Валиуллин "cары-жасылдармен" бірге ел чемпионатын жеңіп алып, Қазақстан Суперкубогі мен Кубогінің иегері атанған.

Transfermarkt порталының мәліметінше, 29 жастағы қазақстандық футболшының трансферлік нарықтағы құны – 300 мың еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061411-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-oiynsysy-muqagali-maqataevtin-olenin-oqydy-video/

pixel