Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі қысқы Азиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Азиада талисмандары
Азиада талисмандары. Фото: kazsports.kz

IX қысқы Азиада ойындары қайда өтетіні анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азиада ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтетінін хабарлады. Жарыстың ұраны: "қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат" (Dreams of Winter, Love among Asia). Cондай-ақ байрақты бәсекенің бойтұмары мен эмблемасы да бекітілді.

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азиада ойындары өткен. Қазақстан ұлттық құрамасы сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан еді. 1996 жылы Азия ойындарында қолданылған мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да пайдаланылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061968-kelesi-qysqy-aziada-oiyndary-qaida-otetini-belgili-boldy/

pixel