Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал комментатор Амангелді Сейітханның ұлы атбегілікпен айналысып жүр

Опубликовано:

Бегасыл Амангелді
Бегасыл Амангелді. Фото: instagram.com/begaseytkan

Қазақ телевизиясының ардагері, танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Амангелді атбегілікпен айналысып жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Таңшолпан" таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бегасылдың жылқыға деген қызығушылығы бала күнінде ояныпты.

"Қазір атамның нұсқаулығымен, тәрбиесімен қызуқанды жылқыларды баптап жүрміз. Мақаншы ауылындағы Еміл деген жерде жеке шаруашылығым бар. Бәйге аттарын да дайындаймыз. "Мың жылқың болғанымен, ішінде болар бір сәйгүлік" деген сөз бар ғой. Шаруашылықта онға жуық таза қанды ағылшын жылқысы бар. Соларды баптап, болашақта Қазақстан чемпионатында топ жарсақ деген ой бар", – деді Бегасыл.

Ол жастайынан талай бәйгелерге қатысқанынын сөз өтті.

"Ең алғаш 8 жасымда Семейде бәйгеге шаптым. Ол кезде үшінші орынға іліктік. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында да небір жарыстарға қатыстық. Атышулы Самал, Қоянқасқалармен бір бәйге алаңында жүздестік. Бәйгедегі ең үлкен жетістігім Мақаншы ауылында болды. Көшпенділер ойынында Қарагер деген тұлпармен бірінші орын алдым", – деді жас атбегі.

Бегасыл әкесі Амангелді Сейітханның жолын қуып, спорт журналистикасына бет бұрып жатқанын айтты.

"Соңғы 6 айда комментаторлық қызмет атқарып жүрмін. Өзіме қатты ұнады. Әкеден қалған жақсы істі ұл бала жалғастыра алмаса, бұл жоқшылықтың белгісі деп ойлаймын. Әулетімізбен футбол әлеміне қызыққан соң, қазіргі кезде футбол ойындарын жүргіземін. Одан бөлек, теннис ойындарына да комментатор боламын", – деді Бегасыл.

Қазіргі таңда Бегасыл С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курсында тіс дәрігері мамандығында оқып жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061971-tanymal-kommentator-amangeldi-seiitxannyn-uly-atbegilikpen-ainalysyp-zur/

pixel