Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы ауданнан 26 жылда 107 әлем чемпионы шықты

Опубликовано:

Шардаралық спортшылар
Шардаралық спортшылар. Фото: instagram.com/shardara.armsport

Түркістан облысының Шардара ауданынан 26 жылда қол күрестен 107 әлем чемпионы шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Егемен Қазақстан" газетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1997 жылы Арман Қарсыбаев есімді азамат "Шардара Армспорт" армрестлинг (қол күрес) клубының негізін қалаған. Сол уақыттан бері клубтың спортшылары Қазақстан, Азия және әлем біріншіліктерінде ел абыройын асқақтатып жүр.

Шардара ауданынан армрестлинг бойынша келесідей жеңімпаздар шыққан:

  • 107 – Әлем чемпионы;
  • 106 – Әлем чемпионатының жүлдегері;
  • 31 – Әлем кубогының иегері;
  • 327 – Азия чемпионы;
  • 75 – Азия кубогының иегері;
  • 500 – Қазақстан чемпионы;
  • 85 – Халықаралық турнирлердің жеңімпазы;
  • 75 – Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
  • 130 –Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Сондай-ақ 6 бапкер "Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы" және 5 спортшы "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атанған. Қазіргі таңда "Шардара Армспорт" клубында 30-дан аса жаттықтырушы жұмыс істейді.

Арман Қарсыбаевтың айтуынша, шетелдік спортшылар тәжірибе жинау үшін Шардараға арнайы келеді екен.

"Шардараға Корея, Малайзия, Польша, Өзбекстан, Хорватия, Франция, Латвия, Америка Құрама Штаттарынан және тағы басқа көптеген мемлекеттен спортшылар келіп, тәжірибе толыстыруға ынталы. Оларға қазақтың қонақжайлығын көрсетіп, жаттығу залындағы чемпиондармен бірге жаттығу жасауға мүмкіндік береміз", – деді Қарсыбаев.

Қазіргі таңда "Шардара Армспорт" клубының ауласында қол күрестен бөлек гір көтеру спорты (әлем чемпиондары бар), дзюдо, таэквондо, каратэ, бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика (ядро лақтыру және найза лақтыру), пауэрлифтинг, асық ату, тоғызқұмалақ және шахмат сияқты спорт түрлері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2062184-turkistan-oblysyndagy-audannan-26-zylda-107-alem-cempiony-syqty/

pixel