Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Нұралы Әліп UFС-дегі сүйікті спортшыларын атады

Опубликовано:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: instagram.com/nurik028

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және ресейлік "Зенит" клубының ойыншысы Нұралы Әліп UFC-дегі сүйікті спортшыларын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Чемпионат порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұралы Әліп UFC-де өнер көрсететін қазақтар көбейіп жатқанын атап өтті.

"Шавкат Рахмонов UFC-де. Асу Алмабаев та қосылды. Жалпы, қазақтар UFC-де барған сайын көбейіп келе жатыр. Әрине, Хабиб Нурмагомедовтың, Джон Джонсонның да жекпе-жегін бақылап жүрдім. Қазір Ислам Махачев жақсы өнер көрсетеді.

Хабибтің философиясы маған жақын. Ол көп жұмыс істеудің маңызы туралы айтады. Барлық спортшының мақсаты бір – жеңіске жету. Ал жеңіс оңай жолмен келмейді. Әрдайым үлкен еңбекті қажет етеді", – деді қазақстандық футболшы.

Еске салайық, Нұралы Әліп Шавкат Рахмоновпен қалай танысқанын айтып берген еді. Сондай-ақ "Зениттің" бапкері Нұралы Әліпке қатысты тосын мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Айта кетейік, Нұралы 2022 жылдың желтоқсанында "Зенит" командасымен 2,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2062683-futbolsy-nuraly-alip-ufs-degi-suiikti-sportsylaryn-atady/

pixel