Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы отырысына қатысып жатыр (фото)

Опубликовано:

Ұлттық олимпиада комитетінің отырысы
Ұлттық олимпиада комитетінің отырысы. Фото: t.me/olympickz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада өтіп жатқан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы отырысына қатысып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшысы сайланады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Республикасы ҰОК барлық басқару органдары және оның лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасы ҰОК мүшелері – олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары алқалы түрде сайлайды.

Барлық басқару органдарының өкілеттік мерзімі 4 жыл. Басқару органдарының барлық мүшелері мен лауазымды адамдар өз қызметін ерікті түрде жүзеге асырады, еңбекақы және басқа да сыйақы төленбейді. Сайлау тәуелсіз сайлау комиссиясының басшылығымен жасырын дауыс беру арқылы өтеді, оны да Қазақстан Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының мүшелері сайлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063066-gennadii-golovkin-ulttyq-olimpiada-komitetinin-bas-assambleyasy-otyrysyna-qatysyp-zatyr/

pixel