"ПСЖ" футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе бүгін, сейсенбі күні кешке Елисей сарайында Эммануэль Макрон және Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кешкі асқа қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Leparisien порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл футболшы үшін президенттің штаб-пәтеріне алғашқы сапары және мемлекет басшысымен болатын бірінші кездесуі емес.
"ПСЖ" ойыншысы 2018 жылдың ақпан айында Франция және Либерия басшыларының арасындағы кездесуге де қатысты. Бұрынғы футболшы Джордж Веа Либерия мемлекетінің президенті болып сайланғаннан кейін, "ПСЖ" капитаны Эммануэль Макронның шақыртуымен Елисей сарайындағы отырыста болған еді.
Бүгін, сейсенбі күні Килиан Мбаппе тағы да Макронның шақыртуымен резиденция қонағы болады деп жоспарланған. Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің құрметіне ұйымдастырылған кешкі асқа "Пари Сен-Жермен" командасының жұлдызды шабуылшысы мен клуб президенті Насер Әл-Хелайфи де шақырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063196-franciya-prezidenti-emmanyuel-makron-futbolsy-kilian-mbappeni-keski-asqa-saqyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.