jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Сабырлы жігіт кезікті": Сабина Алтынбекова жол апатына түскенін айтты

    Сабина Алтынбекова
    Фото: instagram.com/altynbekova_20

    Отандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жол апатына тап болғаны туралы жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бүгін мен кішігірім жол апатына ұшырадым. Қанша айтқанмен, "Патриот" басқаруға қиын әрі тез қозғала қоймайды. Абырой болғанда, маған әдепті әрі сабырлы жігіт кезікті", - деп жазды спортшы стористе.

    Сабина Алтынбекова
    Сабина Алтынбекова жол апатына ұшырады: instagram.com/altynbekova_20/

    Еске салсақ, бұған дейін Сабина Алтынбекова жігіттердің қандай қасиеттеріне мән беру керегін айтып, желідегі парақшасында жазба жариялаған болатын.

    "Жігіттің қандай отбасынан шыққанына, отбасылық құндылықтары қандай екеніне назар аудару керек. Екінші назар аударатын жағдай - жігіттің материалдық жағдайы. Ал үшіншісі: зиян әдеттері бар-жоғын тексеру (алкоголь, ойын және тағы басқасы). Төртіншісі: Оның персоналмен, әйелдермен және балалармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көру. Бесіншісі - жомарттығы (Шық бермес жігіттерден жаманы жоқ)", - деп жазған еді Алтынбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.