Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жүлдегері Василий Левит жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Василий Левит
Василий Левит.Фото: olympic.kz

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Василий Алексеевич 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Василий Левит осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Боксшы бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.

Еске салайық, 26 ақпанда кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын ҰОК Бас Ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063715-bokssy-vasilii-levit-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/