Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық спорт комментаторы өмірден өтті

Опубликовано:

Рабат Жәнібеков
Рабат Жәнібеков. Фото: inbusiness.kz

Белгілі спорт комментаторы, ардагер журналист Рабат Жәнібеков қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Кемелбек Ойшыбаевтың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақ телевизиясының белгілі спорт журналисі, алғаш қазақ тіліндегі спорт комментаторы болған, ардагер Рабат Жәнібеков өмірден өткені туралы суық хабар таңмен келді. Рабат ағамыз туралы кішкентай кезімнен еститінмін, әкем Бақтығұл Ойшыбаев Рабат ағаймен КазГУ-де журналист мамандығына оқыған кезінде жатақханада бір бөлмеде тұрғанын айтып, студенттік шақтарын еске алатын.

Кейін Алматыда көріп, танысып, Рабат ағаймен де көп әңгімелескенбіз. Араласып тұрдық. 2010 жылы бізді қолдап, ағамыз Батыс Қазақстан облысына, біздің ауылға Жымпитыға барған еді, әкеміздің 70 жасына арнайы ұйымдастырылған еске алу кештің құрметті қонақтарының бірі болып. Соңғы кезде ауырып жатқаны туралы ұлы Муслим хабарлаған. Ағамыздың арты қайырлы, жаны жаннатта болсын!", – деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Рабат Жәнібеков 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, комментаторлық қызметін бастаған. Алғаш жүргізген матчы футболдан КСРО чемпионатындағы "Қайрат" – "Торпедо" (Мәскеу) кездесуі болды. Cондай-ақ Рабат Жәнібеков ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы (2004 жылдан) болып қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2064550-tanymal-sport-zurnalisi-rabat-zanibekov-omirden-otti/

pixel