jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

    Ақжүрек Таңатаров
    Ақжүрек Таңатаров. Фото: жеке мұрағатынан

    Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы Жам­был облысы Құлан ауданында дүниеге келген. Ол – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының еркін күрестен қола жүлдегері.

    Еске салайық, өткен жылы Таңатаров Олимпиадалық резервтің Жамбыл облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің басшысы қызметінен "заңсыз қуылғанын" айтқан еді.

    Айта кетейік, осыған дейін Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Василий бұл қызметке дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеген еді.

    Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.