Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абат Айымбетовтің командаласы киім ауыстыратын бөлмені "жарып жіберді" (видео)

Опубликовано:

Футболшы Марио Балотелли
Футболшы Марио Балотелли. Фото: Giuseppe Maffia/NurPhoto via Getty Images

Түркияның "Адана Демирспор" клубында өнер көрсететін италиялық футболшы Марио Балотелли киім ауыстыратын бөлмеде петарда жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Осылайша "Ливерпуль" футбол клубының бұрынғы ойыншысы әріптестеріне қалжыңдамақ болған.

"Фатих Карагумрукқа" командасына қарсы матчта жеңіске жеткеннен кейін италиялық футболшы әріптестеріне әзілдемек болған көрінеді. Балотелли петарда жағып, командаласының тұсына қарай лақтырып жіберді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов те аданалық "Демирспор" сапында өнер көрсетеді. Марио Балотелли оның позициясындағы тікелей бәсекелесі.

"Адана Демирспор" келесі кездесуін Түркия Суперлигасында "Коньяспорға" қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2065011-abat-aiymbetovtyn-ariptesi-kiim-auystyratyn-bolmeni-zaryp-ziberdi-video/

pixel