jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық блогер "Челси" футбол клубынан шақырту алып, Лондонға аттанды

    Әлімжан Тасболатұлы
    Әлімжан Тасболатұлы. Фото: instagram.com/alimzhan9

    Блогер және комментатор Әлімжан Тасболатұлы англиялық "Челси" футбол клубынан шақырту алып, Лондонға аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, Әлімжан "Челсидің" кеңсесі мен стадионына барады. Сондай-ақ қазақстандық блогер "Челси" және "Ньюкасла" арасындағы матчқа қатысып, влог түсірмек. Осылайша Әлімжан Ұлыбританиядағы ең танымал клубтардың бірінде түсірілім жасаған алғашқы Қазақстан азаматы болғалы отыр.

    Айта кетейік, Әлімжан Тасболатұлы – подскастарымен және влогтарымен танымал блогер. Ол жақында "One game" футбол клубының қатарына қосылды.

    Еске салайық, тағы бір қазақстандық блогер Артур Асқарұлы Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанғанын жазғанбыз. Ол жаңа қызметтегі басты міндеті футболды насихаттау және бұл спортқа қызықпайтын адамның өзін барлық жаңалықтан хабардар етіп отыру екенін айтқан еді.

    Қазақстандық блогер "Челси" футбол клубынан шақырту алып, Лондонға аттанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.