Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов шетелдіктерге қазы ұсынды (видео)

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов шетелдіктермен бірге
Мырзағали Айтжанов шетелдік әріптестерімен бірге. Фото: instagram.com/kazakhboxing

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде шетелдіктерге қазыдан дәм татқызды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Instagram желісіндегі kazakhboxing парақшасында жарияланған видеода Мырзағали Айтжанов "бүкіл әлемге қазы мен ет жегізейік" деп шетелдіктерге қазақы асты ұсынғаны көрінеді.

"Мырзағали Айтжановтан қазақи қонақжайлық", – делінген Instagram-дағы жазбада.

Айта кетейік, Италияның Бусто-Арсицио қаласында Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнир өтіп жатыр. Бүгін, 11 наурызда шаршы алаңға қазақстандық 7 боксшы шығып, жолдамаға таласады. Олар:

  • 17:30 – 92 келі. Айбек Оралбай – Джамар Талли (АҚШ);
  • 19:30 – 75 келі. Валентина Хальзова – Синди Нгамба (Ұлыбритания);
  • 23:00 – 50 келі. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клецер (Германия);
  • 00:00 – 51 келі. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания);
  • 00:30 – 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан);
  • 00:45 – 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан);
  • 01:30 – 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия).

Барлық жекпе-жек Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066007-bokstan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-myrzagali-aitzanov-seteldikterge-qazy-usyndy-video/

pixel