Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арсенал" клубы футболшыларға арнап намазхана ашты

Опубликовано:

Мұхамед Эль-Нени
Мұхамед Эль-Нени. Фото: instagram/elnennym

Лондонның клубы "Эмирейтс" алаңының ішінде құлшылық ету бөлмесін ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Енді ағылшындық "Арсенал" футбол клубы сапында өнер көрсететін мұсылман ойыншылар "Эмирейтс" алаңында құлшылық жасай алады. Египет ұлттық құрамасының және "Арсеналдың" ойыншысы Мұхамед Эль-Нени осы бөлменің ресми ашылуына қатысып, тұсауын кесті. Бұл бөлмеде тек мұсылмандар емес, басқа дін өкілдері де құлшылық ете алады. Сондықтан "multifaith" деп аталған.

"Эмирейтс" стадионындағы құлшылық ету бөлмесінің ашылуына қатысқаныма қуаныштымын. Енді "Арсеналдың" ойыншылары құлшылық жасау арқылы болашақтарын жақсы жаққа өзгерте алады. Клуб басшылығына және қолдаушыларға көп рахмет", – деді Эль-Нени.

Айта кетейік, "Арсенал" футбол клубы ағылшын Премьер-лигасының кестесінде 64 ұпаймен көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066859-arsenal-kluby-futbolsylarga-arnap-namazxana-asty/

pixel