Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға бір қадам: 17 жастағы қазақстандық таеквондошы лицензиялық турнирдің жартылай финалына өтті

Жарияланған күні:

Батырхан Төлеуғали
Батырхан Төлеуғали. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) 2:0 есебімен ұтты. Енді Батырхан жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

Айта кетейік, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали – жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қытайдағы лицензиялық турнирде Қазақстан намысын Батырханнан бөлек Самирхон Абабакиров (58 кг), Мария Севостьянова (57 келі), Жансель Дениз (+67 келі) қорғайды. Олар ертең, 16 наурызда жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасы Олимпиадаға таеквондодан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін еліміз бұл спорт түрінен 1 жүлде алды. Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола медаль иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2068809-olimpiadaga-bir-qadam-17-zastagy-qazaqstandyq-taekvandosy-licenziyalyq-turnirdin-zartylai-finalyna-otti/