jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық футболшының жұбайы желіге жабық ойыннан кадрларды жариялап жіберді

    Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы матч
    Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы матч. Фото: instagram.com/stories/sogoyasha

    Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Зуевтің жұбайы Түрікменстанға қарсы өткен жолдастық кездесуді алаңнан тамашалап, ойын эпизодтарын әлеуметтік желіде жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 14 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Түрікменстан командасымен жолдастық ойын өткізді. Матч 2:0 есебімен Магомед Адиевтің шәкірттерінің пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасы сапынан Ислам Чесноков (2-минутта) және Александр Зуев (47-минутта) гол салды.

    Бұл ойын екі жақтың шешімі бойынша жабық түрде өтті. Матчтың трансляциясы болған жоқ. Десе де кездесудегі кей сәттерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағандар болды. Мәселен, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Зуевтің жұбайы Элина Зуева Instagram Stories-ке жолдастық матчтан видео жүктеді. Ол сүйіктісінің гол салған сәтін түсіре алмағанын жазды.

    Элина Зуеваның Instagram Stories-інен скриншот
    Элина Зуеваның Instagram Stories-інен скриншот: instagram.com/stories/sogoyasha

    Айта кетейік, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Афинада Грекия командасымен Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды. Жеңген құрама Грузия – Люксембург жұбында басым түскен командамен Еуро-2024 турниріне жолдаманы сарапқа салады.

    Қазақстандық футболшының жұбайы желіге жабық ойыннан кадрларды жариялап жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.