jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    19 жастағы қазақстандық шаңғышы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

    Данил Васильев
    Данил Васильев. Фото: instagram/vassilyevdanil

    Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр. Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды.

    Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.

    1. Данил Васильев – 249.4 ұпай, (Қазақстан);
    2. Мартин Хамам – 247.5 ұпай;
    3. Ульрих Волгенант – 246.5 ұпай.

    Айта кетейік, 13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.

    19 жастағы қазақстандық шаңғышы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.