Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Телефон пайдалануға шектеу бар": Мырзағали Айтжанов боксшыларға қандай талап қойғанын айтты

Опубликовано:

Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов
Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өткен лицензиялық турнирде шәкірттеріне қандай шектеу қойғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бірінші кезекте, барлығы ерте ұйықтайды. Тәртіп керек. Телефон пайдалануға шектеу қойдым. Жеке бапкерлері де, құрама бапкерлері де спортшылардың жүріс-тұрысын қадағаладық. Туған-туыстарымен сөйлесуге, үйленген жігіттердің жұбайларымен сөйлесуіне уақытша шектеу қойдық. "Дәл қазір жарысты ойлауымыз керек", – дедім. Себебі, сәл ғана эмоцияның өзі жекпе-жекке әсер етуі мүмкін. Артық сөйлесу, артық қуану, болмашы қоңыраулардың салдары болады. Сондықтан шектедік", – деді бас бапкер.

Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жолдамаға қол жеткізді. Ал өткен жылы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын қанжығалаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2070687-telefon-paidalanuga-sekteu-bar-myrzagali-aitzanov-bokssylarga-qandai-talap-qoiganyn-aitty/

pixel