Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыстың" бұрынғы ойыншысы футболдан Қазақстан құрамасын қолдады

Опубликовано:

Никита Михайлис
Никита Михайлис. Фото: olympic.kz

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Магнитогорсктің (Ресей) "Металлург" командасының ойыншысы Никита Михайлис қазақстандық футболшыларды Грекияға қарсы матч алдында қолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Никита Михайлистің айтуынша, хоккейшілер қазір плей-офф кезеңі болып жатқанына қарамастан футболдан Қазақстан құрамасының ойындарын мұқият бақылап отыр.

"Біздің футболшыларымызды Грекияға қарсы тарихи матч күтіп тұр. Мен "Барыста" ойнаған кезде біз стадионға барып, оларға қолдау көрсететінбіз. Жігіттерге сәттілік тілеймін, олар керек нәтижеге жететініне сенімдімін", – деді Никита Михайлис.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Ұлттар лигасының плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Осы ойында Қазақстан құрамасы жеңсе, Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2070903-barystyn-buryngy-oiynsysy-futboldan-qazaqstan-quramasyn-qoldady/

pixel