Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Василий Уткин Қазақстан құрамасының ойынын жүргізу үшін Алматыға келуді жоспарлаған

Опубликовано:

Василий Уткин
Василий Уткин. Фото: https://www.instagram.com/realradioutkin/

Кеше, 19 наурызда қайтыс болған ресейлік спорт комментаторы Василий Уткин футболдан Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы ойынын жүргізу үшін Алматыға келмек болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Настоящий РадиоУткин" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Василий Уткин 52 жасында көз жұмғаны хабарланған еді. Риа Новости басылымының мәліметінше, Уткин 1994 жылдан бері телеарналарда жұмыс істеген, бірқатар футбол бағдарламасын жүргізіп, НТВ мен НТВ-Плюс телеарналарында көптеген матчта комментатор болған.

Спорт комментаторы футболдан Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы ойынын жүргізу үшін Алматыға келмек болыпты. Бұл туралы ол Telegram-дағы ресми арнасында 7 наурызда жазған.

"Қазақстан құрамасын тарихтағы басты матч күтіп тұр. Еуроға шығу жолында жартылай финалда Грекияға қарсы ойнайды. Егер Қазақстан өтсе, тарихтағы басты матч келесі, яғни финал болады. Мен оқиға орнында болуым керек деп шештім. Қазақстан құрамасы Грекияға, ал мен Қазақстанға барамын. Біз жартылай финалды бірге көреміз! Сіздерді Алматыда 21 наурызда күтемін. Мен Грекия – Қазақстан матчын жүргіземін", – делінген Василий Уткиннің жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2071251-vasilii-utkin-qazaqstan-quramasynyn-oiynyn-zurgizu-usin-almatyga-keludi-zosparlagan/

pixel