jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанда алғаш рет Ұлттық спорт күні мерекесі өтуде

    Теңге ілу
    Теңге ілу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандықтарды Ұлттық спорт күнімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ермек Маржықпаевтың Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 20 наурызда Ұлттық спорт күнін атап өтудеміз. Бұл күні барлық өңірде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер болады. Ат (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту).

    "Құрметті достар! Көктем лебімен бірге келетін халқымыздың ізгі дәстүрлерін айшықтайтын Наурыз мерекесі құтты болсын! Игіліктер бастауы болған Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңаша атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мейрамның идеясы мен құндылығы артып, "Наурызнама" тұжырымдамасы бекітілді.

    Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен отбасы амандығын тілеймін", – деді Туризм және спорт министрі.

    Ұлттық спорт күні
    Ұлттық спорт күні. Көрнекі фото: t.me/Ermek_Marzhyqpaev

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.