jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін АҚШ пен Қазақстан көкпар құрамалары кездесу өткізеді

    көкпар
    Көкпар спорты. Фото: ulttyqsport.kz

    Бүгін, 20 наурызда көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының кездесуі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    АҚШ құрамасының жетекшісі – америкалық ковбой Лэдд Хауэлл. Қазақстан құрамасын белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастайды.

    Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби ковбой Кейси Филд те қатысады. АҚШ-тан келетін топ құрамында журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да бар. Шара аясында Ұлттық спорт түрлері бойынша да жарыстар өтеді.

    "Бұл көкпар тартудың – әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді", – делінген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

    Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, көкпар, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрі таныстырылады.

    Бүгін АҚШ пен Қазақстан көкпар құрамалары кездесу өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.