Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға ұшып барды

Опубликовано:

Геннадий Головкин Афинада
Геннадий Головкин Афинада. Фото: t.me/olympickz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Геннадий Головкин Афинаға Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен барған. Ол Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын трибунада отырып тамашалап, ұлттық құрамаға қолдау көрсетпек.

Айта кетейік, бүгін, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне шықса, қанша табыс табатыны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2071917-gennadii-golovkin-qazaqstandyq-futbolsylardy-qoldau-usin-grekiyaga-usyp-bardy/

pixel