Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді грек салатын жемеңіздер": Қуат Хамитов Грекия – Қазақстан ойыны туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңілгеннен кейін Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Жаңа ғана Қазақстандағы футбол өлді! Сегіз жыл бұрын біреу мені тыңдағанда, мынадай ұят болмайтын еді. Бізді бүкіл әлемнің алдында масқара қылды! Мұның бәрі елдің имиджі үшін деп алдап келді. Негізі бұл қарапайым ғана ұрлық. Мен айтқандай істемейінше, біздің футболдың болашағы жоқ. Ояныңдар, ғажайып тек ертегіде болады! Айтпақшы, енді Қазақстанда грек салатын жеуге ресми түрде тыйым салынады! Жеуші болмаңыздар", – деп жазды Қуат Хамитов.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өткен ойында Грекиядан 5:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бұл матч туралы мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2072211-endi-grek-salatyn-zemenizder-quat-xamitov-qazaqstan-grekiya-oiyny-turaly-pikirin-aitty/

pixel