jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Жауапкершілікті өзіме аламын": Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы мәлімдеме жасады

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Сынды қалай қабылдаймын? Бізге ұзақ уақыт бойы мақтау айтып, қолдау көрсетті. Сол үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Ертеңгі сынды абыроймен қабылдаймын. Мен бүгін-ақ отставкаға кетер едім. Мені тежейтін жалғыз нәрсе – федерацияға деген көзқарасым. Мен жай ғана шешім қабылдай алмаймын. Карт-бланш сыншылардың қолында.

    Ойынның басында қиын жағдайға тап болдық. Алғашқы минуттардан қысым болатынын көп айттық. Өкінішке қарай, төтеп бере алмадық. Қарсылас есеп айырмасын ұлғайта түсіп, біздің ойынға қайта оралуымызға мүмкіндік бермеді.

    Біз көп қателік жібердік. Мұндай ойынмен ештеңеден үміттене алмаймыз. Мұндай мүмкіндіктің бар екенін түсіндік. Жігіттерге дұрыс жеткізе алмадым деп санаймын. Жауапкершіліктің барлығын өзіме аламын", – деді Магомед Адиев.

    Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

    "Жауапкершілікті өзіме аламын": Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.