jitsu gif
Спорт

    Қазақстан және Грекия құрамалары арасындағы ойыннан соң стадионды қоқыстан тазалаған жастар елді сүйсінтті (видео)

    Стадион жинаған жастар
    Стадион жинаған жастар. Видеодан кадр: tiktok.com/@archibaaaalt

    21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Ойыннан соң стадионды тазалаған жастар көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видео archibaaaalt TikTok желісіндегі парақшасында жарияланды.

    Видеодан футбол жанкүйерлерінің ойын біткеннен кейін стадионды тазалап, қоқыс жинап жүргенін көруге болады.

    "Жеңісте де, жеңілісте де ұлттық құрамамен біргеміз. Алға, Қазақстаным! Соңына дейін қолдау білдіру керек. Тазалық сақтап, адам болып қалуды ұмытпайық", – деп жазды видео авторы.

    Еске сала кетейік, кеше Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Афинадағы "ОПАП" стадионында өткен ойын 5:0 есебімен Грекия командасының пайдасына шешілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.