jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Данил Мұсабаев батутты гимнастикадан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

    Данил Мұсабаев
    Данил Мұсабаев. Фото: olympic.kz

    Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.

    Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды. 

    Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады. 

    Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде Мұсабаев финалға өте алмай, 47-орында қалды.

    Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. 

    Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр. 

    Данил Мұсабаев батутты гимнастикадан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.