Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде екі рет үздік ондыққа енді

Жарияланған күні:

Эльжана Таниева
Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

Грекияның Афина қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева екі мәрте үздік ондыққа кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эльжана Таниева көпсайыста 123,250 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты. Сондай-ақ, таспамен жаттығудан финалға шығып, 7-орынға ие болды (29.200 ұпай). 

Көпсайыста болгариялық спортшы Эльвира Краснобаева (131,100) жеңіске жетті. Күміс медальді оның отандасы Ева Брезалиева (130,350) еншіледі. Ал қола жүлде Белорусь өкілі Алина Горноськоға бұйырды.

Айта кетейік, Таниева биыл Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-при турнирінде доп жаттығуы бойынша жеңімпаз атанған еді.

Еске салайық, батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Оның 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2073474-qazaqstandyq-gimnast-alem-kubogy-kezeninde-eki-ret-uzdik-ondyqqa-endi/