Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық екі ауыр атлет Олимпиада лицензиясына таласады

Опубликовано:

Штанга
Штанга. Фото: David Madison/Getty Images

Таиландтың Пхукет қаласында өтетін ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогына қазақстандық алты атлет қатысады, оның екеуі Олимпиада жолдамасына таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Таиландтағы әлем кубогы 31 наурыз бен 11 сәуір аралығында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан төмендегі атлеттер аттанбақ:

Әйелдер:

  • 49 келі Айнұр Әбдіхалықова;
  • 59 келі Дарья Балабаюк;
  • +87 келі Айсамал Сансызбаева.

Ерлер:

  • 55 келі Ерназ Алпысов;
  • 89 келі Сергей Петрович;
  • 109 келі Мейрам Сұлтан.

Осы спортшылардың ішінен Париж Олимпиадасының лицензиясына Айнұр Әбдіхалықова мен Сергей Петрович таласады. Сергей жолдама алуы үшін Азия мемлекеттерінің әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірмейтін 86 келі салмақтағы өзге спортшылары Сергейдің былтырғы көрсеткіші – 363 келіден көп көтермеуі қажет. Егер қарсыластары бұл салмақты еңсерсе, Петрович өткен жылғы нәтижесін жақсартуы керек.

"Жуырда Алматы облысында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде Сергей 375 келіні еңсерді. Егер Таиландта осы көрсеткішін қайталаса, Олимпиада лицензиясын алатын жақсы мүмкіндігі бар. Біз бәріміз осы жарыстан жақсы жаңалық күтеміз", – деді ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов.

Сергей Петрович С тобында (5 сәуір) бақ сынайды. Ал А және В тобы 6 сәуірде үздіктерді анықтайды. Яғни, жолдама тағдыры екі күндік сайыстан соң шешіледі.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері Олимпиадаға қатысып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2074797-qazaqstandyq-eki-auyr-atlet-olimpiada-licenziyasyna-talasady/

pixel