Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов және Ермұхамед Мәулен: спорт саласының үздіктері анықталды

Опубликовано:

Асхат Тағыберген мен Магомед Адиев
Асхат Тағыберген мен Магомед Адиев. Фото: instagram/metaratings.kz

28 наурыз күні Астанада Metaratings Top Awards премиясының марапаттау рәсімі өтті. Жүлделер 2023 жылдың ең табысты спортшыларына, бапкерлер мен менеджерлерге, командалар мен спорт федерацияларына, журналистер мен комментаторларғаберілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Metaratings Top Awards халықтық дауыс беруіне Қазақстанның 40 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Финалистер қатарына Елена Рыбакина, Ангелина Лукас, Шавкат Рахмонов, Бақтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген кірді. Ал кештің арнайы қонағы футболдан әлем чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы Марко Матерацци болды.

Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша спорт саласындағы үздіктер:

  • "Жыл командасы": Қазақстан футбол құрамасы;
  • "Жыл бапкері": Магомед Адиев (Қазақстан футбол құрамасы);
  • "Әйелдер арасындағы үздік спортшы": Елена Рыбакина (теннис);
  • "Жыл спортшысы": Шавкат Рахмонов (ММА);
  • "Жыл менеджері": Әділет Барменқұлов (Қазақстан футбол федерациясының президенті);
  • "Үздік спорттық ұйым": Freedom QJ League;
  • "Үздік блог": "Спорт Шредингера";
  • "Үздік спорттық арна": Setanta Sports;
  • "Үздік комментатор": Ермұхамед Маулен;
  • "Үздік спорт журналисі": Ербол Қаиров;
  • "Үздік спорттық БАҚ": Vesti.kz.

Финалистер арасындағы жеңімпазды сарапшы қазылар алқасы таңдады, оның құрамына қазақстандық спорттың көрнекті өкілдері — ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, семсерлесуден Әлем кубогының иегері Эльмир Әлімжанов, футболдан Қазақстан чемпиондары Давид Лория мен Али Алиев, сондай-ақ атақты палуан және ММА жауынгері Қуат Хамитов кірді. Барлық үміткерлер мен жеңімпаздарды Metaratings сайтынан көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2075268-savkat-raxmonov-zane-ermuxamed-maulen-sport-salasynyn-uzdikteri-anyqtaldy/

pixel