Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағали Айтжанов өзбек боксшыларына бата берді (видео)

Опубликовано:

Толқын Қылышев пен Мырзағали Айтжанов дастархан басында
Толқын Қылышев пен Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/tulkin_kilichev

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстан командасының жаттықтырушысымен және боксшыларымен кешкі ас ішті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Instagram-дағы парақшасына Ташкентте өткен кешкі астан суреттер мен видеолар жариялады. Ондағы суреттерден Мырзағали Айтжанов төрде отырғанын байқауға болады. Сондай-ақ бапкер Толқын Қылышев және бірнеше өзбекстандық боксшы да кешкі асқа қатысқан. Ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері бата беріп, өзбек-қазақ боксшылары Олимпиаданың финалына шыға берсін деген тілек айтты.

Еске салайық, жақында Бакуде (Әзербайжан) өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын, екі күміс, бір қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты. Ал Өзбекстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен бірінші орынды иемденді. Екінші орындағы Әзірбайжан құрамасының еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Сондай-ақ, Ресей боксшылары 2 алтын, 6 қоламен 4-орынға жайғасса, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізген ирандықтар үздік бестікті түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076462-myrzagali-aitzanov-ozbek-bokssylaryna-bata-berdi-video/

pixel