Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Таиландта өткен лицензиялық турнирде бесінші орын алды

Опубликовано:

Айнұр Әбдіхалықова
Айнұр Әбдіхалықова. Фото: kazsports.kz

Таиландта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Аталмыш жарыста Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

31 наурызда Пхукетте басталған ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында Айнұр Әбдіхалықова өнер көрсетті. Зілтемірші 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиадаға кірді. "С" тобындағы өнер көрсету нәтижесі бойынша Айнұр 5-орынға тұрақтады (жұлқа көтеруде 72 келі, серпе көтеруде 88, барлығы 160).

Бұл топта бірінші болып индонезиялық Кантика Айса (84+100), екіншісі – Папуа-Жаңа Гвинеялық Дика Тоуа (75+96), үшінші – ирландиялық Там Нгуен (70+96) болды.

Сонымен қатар, әлем чемпионатына біздің елден Дарья Балабюк (59 келі), Айсамал Сансызбаева (+87 келі), Ерназ Алпысов (55 келі), Сергей Петрович (89 келі) және Сұлтан Мейрам (109 келі) қатысады. Сергей Петрович те Айнұр Әбдіхалықова сияқты Олимпиада жолдамасы үшін күресуде.

Әлем чемпионатында барлығы 110 елден 466 спортшы бақ сынауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076822-qazaqstandyq-sportsy-tailandta-otken-licenziyalyq-turnirde-besinsi-oryn-aldy/

pixel