Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: t.me/olympickz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-нің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 3 сәуірде Астанада спорт саласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің отырысы өтті. Бұл жиында Геннадий Головкин былай деді:

"Менің ұстанымым біржақты және менің спорттық мансабым да өзгеріссіз қалады – жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, оның кез келген көріністеріне қатаң шаралар қолдану қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған кез келген іс-шараға, сондай-ақ спорттық жарыстарды манипуляциялауға және оны ұйымдастыруға жол бермейтін кез келген бастамаға қолдау көрсетеді. ҰОК мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын қоғамдық ұйым екенін атап өту керек және бұл солай болуы тиіс деп есептеймін. Өз тарапымнан спорттағы сыбайлас жемқорлықпен күресте жан-жақты көмек көрсетуге ниеттімін".

Отырыс барысында спорттағы жүйелі мәселелер мен сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық және ұрлық деңгейінің өсуіне ықпал ететін жайттарды дереу анықтап, жою қажеттігіне баса назар аударылды. Жиын соңында спорт саласындағы құзырлы органдарға талдау барысында айтылған ескертулерді жою туралы ұсыныстар айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2078423-gennadii-golovkin-sporttagy-zemqorlyqqa-qatysty-ustanymyn-aitty/

pixel