Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев 50 жасқа толған Олимпиада чемпионына құттықтау хат жолдады (фото)

Опубликовано:

Василий Жиров
Василий Жиров. Фото: instagram.com/vassiliyjirovtiger

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атланта Олимпиадасында алтын медаль иеленген боксшы Василий Жировты 50 жас мерейтойымен құттықтап хат жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 4 сәуірде 50 жасқа толған Василий Жиров Instagram-дағы парақшасына президент жолдаған хаттың суретін жариялады.

"Құрметті, Василий Валерийұлы! Сізді мерейтоңызбен құттықтаймын! Сіз әуесқой және кәсіби спортта үлкен жолдан өттіңіз. Олимпиаданың алтын медалі, сондай-ақ Вэль Баркер кубогы сияқты көптеген беделді марапатқа ие болдыңыз. Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастарды тәрбиелеу ісінде үнемі сұранысқа ие болатынына сенімдімін. Сізге зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін", – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.

Василий Жиров президенттің құттықтауына ризашылығын білдірді.

"Мен президент мырзаға құттықтағаны және жылы сөздері үшін өте ризамын", – деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Василий Жиров наурыз айында қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италиядағы лицензиялық турнирге барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2078795-qasym-zomart-toqaev-50-zasqa-tolgan-olimpiada-cempionyna-quttyqtau-xat-zoldady-foto/

pixel