Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік футбол клуб қараусыз қалған мысықпен келісімшарт жасасты (видео)

Опубликовано:

Лева Енисеев
Лева Енисеев. Фото: t.me/EniseyFC

Красноярск қаласының "Енисей" футбол клубы панасыз қалған мысықпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Енисейдің" Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лева атты мысық қайырымдылық акциясының аясында "Енисей" командасына қосылды.

"Бүгін көптен күткен "ойыншы" – Лева Енисеевпен салтанатты түрде келісімшарт жасадық. Леваның аяқтары бар, бұл оған көп гол соғуға көмектеседі. Сонымен қатар жаңа ойыншыға екі форма жиынтығы берілді. Ойыншымен келісімшартты клубтың спорт директоры Михаил Комков жасады", – делінген футбол клубының жазбасында.

Леваның келісімшартта жазылған міндеттеріне футбол ойнай алу, ең үздік мысық болу, арыстанға ұқсау, "Енисейдің" жанкүйерлерін қуанту кіреді. Ал жұмыс беруші Леваны ойнатуға, тәттілермен тамақтандыруға, жақсы ойнағаны үшін сипауға, ойыншықтар әперуге міндетті.

Айта кетейік, қазір "Енисей" футбол клубы Ресей Бірінші лигасының турнир кестесінде 33 ұпаймен 9-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2079425-reseilik-futbol-klub-qarausyz-qalgan-mysyqpen-kelisimsart-zasasty-video/

pixel