Виктор Друзин мен Анна Павлецова жұбы Бейжіңде өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 4-жүлдесі.
Сондай-ақ Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова жұбы еркін бағдарламада 8-сатыдан көрінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2080316-korkem-zuzuden-alem-kubogynda-qazaqstandyq-zup-kumis-medal-ielendi/