jitsu gif
Спорт

    "Ньюкасл Юнайтед" клубында ойнайтын футболшының үйіне ұры түсіп, көлігін алып кеткен

    Александр Исак
    Александр Исак. Фото: Photo by George Wood/Getty Images

    Англиялық "Нюкасл" футбол клубының ойыншысы Александр Исак сапарда болғанда оның үйіне ұрылар түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, оқиға "Нюкасл" клубының "Фулхэмге" қарсы ойынына дейін болған. Ұрылар үйге артқы есіктен кірген. Сол уақытта үйде кім болғаны белгісіз.

    Полиция футболшының көлігі ұрланғанын, бірақ кейін үйге жақын маңнан табылғанын мәлімдеді. Әзірге ұрылар қолға түспегені де хабарланды.

    Осыдан үш ай бұрын Исактың командаласы Жоэлинтонның да үйі тоналған еді. Оның жекежайы Исактың үйіне жақын жерде орналасқан.

    Айта кетейік, 6 сәуірде Англия Премьер лигасының 32-туры аясында "Нюкасл" футбол клубы "Фулхэмге" қарсы ойнады. Бұл матчта "Нюкасл" 1:0 есебімен жеңді. Қазір турнир кестесінде "Фулхэм" 39 ұпаймен 13-орында, ал "Нюкасл" 47 ұпаймен 8-орында тұр.

    "Ньюкасл Юнайтед" клубында ойнайтын футболшының үйіне ұры түсіп, көлігін алып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.