Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар Испаниядағы халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі

Опубликовано:

Таевондошылар
Таевондошылар. Фото: olympic.kz

Қазақстандық таевондошылар Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медальге ие болды. Ал Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс жүлде еншілесе, Жавовирхан Исламов (58 кг) қола медальге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға жайғасса, кадеттер арасындағы бәсекеде бірінші орыннан көрінді. 

Еске салайық, Қытайдың Тайань қаласында өткен таеквондодан лицензиялық турнирде екі қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. Олар: 58 кг салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров пен 80 кг салмақтағы Батырхан Төлеуғали. Екеуі де биыл алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2081492-qazaqstandyq-sportsylar-ispaniyadagy-xalyqaralyq-turnirde-tort-medal-ensiledi/

pixel