Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі футболшы Луиш Нани Абат Айымбетовті кешкі асқа шақырды

Опубликовано:

Луиш Нани, Шахрудин Магомедалиев және Абат Айымбетов
Луиш Нани, Шахрудин Магомедалиев және Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/shahrudin_magomedaliev

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов танымал португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нанимен және әзербайжандық қақпашы Шахрудин Магомедалиевпен кешкі ас ішті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кешкі ас кезінде түсірілген суретті Шахрудин Магомедалиев Instagram парақшасында жариялады.

"Кешкі ас үшін рақмет, аңыз адам", – деп жазды Магомедалиев.

Айта кетейік, үш футболшы да түркиялық "Адана Демирспор" клубында ойнайды. Қазір бұл команда Түркия чемпионатының турнир кестесінде 39 ұпаймен 11-орында тұр.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов "Адана Демирспор" клубына биыл ақпан айында қосылған еді. Қос тарап 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты. Яғни Абат Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2083520-aigili-futbolsy-luis-nani-abat-aiymbetovti-keski-asqa-saqyrdy/

pixel