Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында жанкүйер алаңдағы футболшыны қамшымен ұрды (видео)

Опубликовано:

Абдерразак Амдалла
Абдерразак Амдалла. Фото: Photo by Khalid Alhaj/MB Media/Getty Images

"Әл-Хилял" футбол клубының жанкүйері "Әл-Иттихад" командасының ойыншысын қамшымен ұрды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Сауд Арабиясы Суперкубогының финалында "Әл-Хилял" мен "Әл-Иттихад" командалары кездескен еді. Бұл ойында 4:1 есебімен "Әл-Хиляль" жеңіп, Суперкубокты ұтып алды.

Матч аяқталған соң алаңнан шығып бара жатқан "Әл-Иттихадтың" футболшысы Абдерразак Амдаллаға "Әл-Хилялдің" жанкүйері тіл тигізе бастаған. Абдрерразак оған су шашса, жанкүйер футболшыны екі рет қамшымен ұрып жіберді.

Айта кетейік, Абдерразак Амдалла "Әл-Иттихадтың" үздік бомбардирі саналады. Ол биылғы маусымда Сауд Арабиясы чемпионатының 22 матчында 18 гол соқты.

"Әл-Хилял" төртінші рет Сауд Арабиясы Суперкубогының иегері атанды. Сонымен қатар бұл команда маусымның барлық ресми матчында қатарынан 34 рет жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2083769-saud-arabiyada-zankuier-alandagy-futbolsyny-qamsymen-sabap-tastady-video/

pixel