Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова Роттердамда (Нидерланд) өткен марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді. Cондай-ақ ол биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия иеленді.
Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты.
Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен Париж Олимпиадасының 32 лицензиясы (30 спортшы) бар:
- бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
- нысана көздеу – 5;
- садақ ату – 4;
- семсерлесу – 4;
- тас жолдағы велоспорт – 3;
- қазіргі бессайыс – 2;
- таэквондо – 2;
- грек-рим күресі – 1;
- еркін күрес – 1;
- спорттық гимнастика – 1;
- батуттағы гимнастика – 1;
- жеңіл атлетика –1.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2084588-qazaqstandyq-zenil-atlet-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasyn-zenip-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.